Мазмұнға өту
· 20 қаралым

Медбикені ұрып-соқты

Дәрігерге жұдырығын ала жүгірген ер адам қамауға алынды.

Оқиға Солтүстік Қазақстан облысында болған.

Жол апатына ұшырағандарға көмекке полицейлер мен жедел жәрдем барған.

Бірақ көліктегі жолаушылардың бірі мамандардың жұмысына кедергі келтіріпті.

Ішімдік ішіп алған 62 жастағы кісі медбикеге қол көтеріп, аяқ-қолынан және ішінен ұрған.

Сол үшін қылмыстық іс қозғалып, қолына кісен салынды.

Еске салсақ, елімізде медицина қызметкерлеріне күш қолданғаны үшін жауапкершілік күшейтілді.

Қылмыстың ауырлығына қарай кемі 2, тіпті 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралған.

← Барлық жаңалықтар