Алаяқтық жасап, 5 жыл бойы Түркияда бой тасалаған отандасымыз ұсталды.
1300-ден астам қазақстандықты тақырға отырғызып, 6 миллиард теңгені қалтасына басқан 46 жастағы күдікті елге экстрадицияланды.
Оны қолға түсіру операциясын еліміздің Ішкі істер министрлігі Анадолы еліндегі әріптестерімен бірге жүзеге асырыпты.
Жалпы, жыл басынан бері ішкі істер органдары алаяқтық жасаған 117 адамды қолға түсірген.
Олардың мемлекет пен азаматтарға келтірген жалпы шығыны 17 миллиард теңгеден асады екен.