Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Қарағандыда жұмысшы көз жұмды

Жазым деген аяқ астынан. Қарағандыда жол жөндеп жатқан кезде жұмысшы көз жұмды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, асфальтті тегістейтін ауыр техниканың жүргізушісі артқа қарай жүріп бара жатып, абайсызда әріптесін қағып кеткен. 53 жастағы ер адам оқиға орнында тіл тартпай кетіпті. Полиция қайғылы оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.

БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі, яғни «Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

← Барлық жаңалықтар