Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Бопсалағыш блогер ұсталды

Шымкенттік блогер сыбайластарымен бірге қамалды. Қу құлқынын ойлағандар азаматтардың беделіне нұқсан келтіретін бейнежазбаларды әлеуметтік желіге жариялаймыз деп қорқытып, ақша бопсалап келген. Полицияның мәліметінше, Инстаграмда 150 мыңға жуық оқырманы бар блогер үш танысымен ауызжаласып, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерге қырғидай тиіпті. Оларды дегендеріне көндіру үшін әдейі бейнетаспаға түсіріп алып жүріпті. Кейін сол видеоларды жариялаймын деп ақша талап еткен. Қазір бәрі изоляторда отыр. Айта кетерлігі, қолға түскен блогер бұған дейін бопсалау бабымен 5 жылға сотталған екен.

← Барлық жаңалықтар