Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Қарбыз-қауын мен кәуапты тексерді

Ақтөбелік полицейлер шенеуніктер мен төтеншеліктерді ертіп алып рейд жүргізіп жатыр. Олардың назарына көшеде қарбыз-қауын, кәуап сатып тұрғандар ілікті. Талап бойынша, нәпақа тауып жүргендер кәсібін жергілікті атқарушы билік арнайы белгілеген орында жүргізуі тиіс. Бау-бақша өнімдері мен дайын тағамдарды сатуға рұқсаты болуы қажет. Ал кез келген жерде саудаланған азық-түліктен тұрғындар уланып, өміріне қауіп төнуі мүмкін. Себебі оларды сақтау талаптары мен қалай әзірленгеніне ешкім кепіл бермейді, дейді мамандар.

НҰРАЛЫ ОРЫНБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Заңсыз саудамен айналысу деректері анықталды. Атап айтқанда, белгіленбеген орында қарбыз-қауын, сондай-ақ дайын тағамдарды, оның ішінде кәуап өнімдерін сатудың бірнеше фактісі тіркелді. Құқықбұзушылық мән-жайына қарай, Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің талаптарына сай әкімшілік шаралар қабылданды.

← Барлық жаңалықтар