Елімізде полицейлер ауқымды рейд ұйымдастырды.
Арнайы іс-шаралар барысында шілденің басында республика бойынша 2400 кәмелетке толмаған бала бөлімшелерге жеткізілді.
Себебі олар түнгі уақытта ата-ана қарауынсыз көшеде, көңіл көтеретін орындар мен интернет клубтарда жүрген.
Сондай-ақ ұсталғандардың арасында әкімшілік тәртіп бұзған 1500 бала да бар.
Арнайы тексеріске еліміздің түкпір-түкпірінде 3 мыңнан астам тәртіп сақшысы жұмылдырылды.
Рейд барысында жалпы 4 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталып, 250 ата-ана өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Тағы түнгі уақытта перзенттерін қараусыз қалдырған 1500 азаматқа ескерту берілді.
Қайыркен Отыншы