Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Студенттерді бопсалап, ақша талап еткен

Павлодарда бір топ жігіт студенттер мен кәсіпкерлерді қорқытып, ақша талап етіп жүрген. Олар бір емес, бірнеше рет жергілікті тұрғындарға қысым көрсетіп, қалталарын қаққан. Зәрезап болғандар полициядан көмек сұрап, шағымын айтқан. Құқық қорғау органдарының бірлескен арнайы операциясы барысында Ақсу мен Екібастұз қаласынан да 10 адам ұсталды. Тінту кезінде күдіктілерден ақша, ұялы телефондар, банк карталары, төлқұжаттар және өзге де заттар тәркіленіпті. Сонымен қатар олардың көлігі арнайы айыптұрағына қойылды. Қазіргі таңда жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде.

← Барлық жаңалықтар