Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Чемпион Данияр Елеусіновтің ұсталғаны рас па?

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің Астанада ұсталғаны рас па? Қазір әлеуметтік желіде, ақпараттық сайттарда былғары қолғап шеберінің патруль көлігінде отырған суреті қызу талқыланып жатыр. Ол қымбат көлігімен екі бірдей жол апатын жасап, оқиға орнынан тайып тұрған деседі. Бірақ тәртіп сақшылары боксшыны Достық көшесінде қуып жетіп, құрықтапты. Мас болған деген де әңгімелер айтылып жатыр. Егер оның ішімдік ішкені дәлелденсе, бірнеше баппен жазаланып, тіпті 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Әзірге полиция спортшының аты-жөнін ресми түрде атамады. Тек мән-жайды баяндап берді.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ МӘЛІМДЕСІНЕН:

Жол-көлік оқиғаларының салдарынан зардап шеккендер жоқ. Аталған факт бойынша тексеру жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша жүргізушінің әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады. “Заң мен Тәртіп” қағидаты өзгермейді: жауапкершілік адамның танымалдылығына, кәсібіне, лауазымына немесе сіңірген еңбегіне байланысты емес. Заңды бұзып, жауапкершіліктен жалтаруға әрекет жасаған әрбір адам заңда белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тартылатын болады.

← Барлық жаңалықтар