Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалды

Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылды. Астанада ішіп алып, жол ережесін өрескел бұзып, қымбат көлігімен оқиға болған жерден қашып кеткен спортшыға сот осындай жаза тағайындады. Ол паркингтегі қақпаны соғып, көшеде жүйткіп жүріп бір машинаны түйреп өткен. Инерцияның әсерінен ол темір тұлпар тағы бір автокөлікке соғылған. Бүгіндікке әлеуметтік желі мен ақпараттық сайттарда тараған Данияр Елеусіновке қатысты дауға сот осылайша нүкте қойды.

← Барлық жаңалықтар