Бұрынғы мәдениет және спорт министрінің орынбасары Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты.
Бұл ақпаратты Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады.
Ол былтыр мамыр айында ғана сотталған болатын.
Алайда өтелмеген жаза мерзімі айыппұлға ауыстырылып, уақытынан бұрын еркіндікке жіберіліпті.
Айта кетейік, Ерлан Қожағапанов 2024 жылдың наурызында ұсталған еді.
Оған қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және 1 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген айып тағылды.
ҚР ІІМ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІ:
Аталған сотталған адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеген. Соттың шешімі негізінде өтелмеген екі ай мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазасы неғұрлым жеңіл жаза түріне — айыппұлға ауыстырылды.
Маржан Нүсіпбек