Мазмұнға өту
· 16 қаралым

Алаяқтар Telegram-нан да жұртты алдауға көшкен

WhatsApp-ты қойып, Telegram-ға көшкен.

Ішкі істер министрлігі алаяқтардың жұртты алдайтын жаңа схемасы пайда болғанын мәлімдеді.

Бұл жолы олар Telegram-ды қолданатын болған.

Өздерін алдымен мемлекеттік органдар мен компаниялардың, ұйымдардың басшысы ретінде таныстырады екен.

Бұған әсіресе сол жерде жұмыс істейтін бухгалтер, қаржы қызметкерлері ұрынуы мүмкін.

Сөйтіп, қоластындағы қызметкерге бұйрық бергендей, есепшотқа ақша салуды, қызмет ақысын төлеуді немесе тауарға төлем жасауды талап ететін хабарламалар жібереді.

Бірақ құқық қорғау органдары әр нәрсеге екі шоқып, бір қарау керектігін ескертіп отыр.

Яғни жіберілген хабарлама мазмұнын, аккаунт пен телефон нөмірін мұқият тексеріңіз.

Қажет болса, басшыңызға дейін хабарласып, нақтылаңыз.

Маржан Нүсіпбек

← Барлық жаңалықтар