Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 66 қаралым

Қор-қор құмарлардың қалтасы жұқарды

Алматыда бір түнде кальян шеккен 50-ден астам адам жауапқа тартылды.

Бостандық ауданының полиция қызметкерлері түнгі рейдке шығып, ойын-сауық орындарын тексергенде заң талаптарын өрескел бұзғандарды анықтады. Көңіл көтеру орындарына келген тәртіп сақшылары түтікшені бұрқылдатып, көк түтінді будақтатып отырғандардың үстінен түскен. Заңмен тыйым салынған орындарда қор-қорға тапсырыс берген 55 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ал заңсыз айналымнан 60-қа жуық кальян тәркіленді. Сонымен қатар рейд кезінде алкоголь өнімдерін белгіленген уақыттан тыс сатудың үш дерегі тіркеліп, сауда нысанының иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

Ұлан Тәліпбай

← Барлық жаңалықтар