Фотосессия үшін жанпида! Семейде көлік арлы-берлі ағылып жатқан көпірдің жолында шалқасынан жатып алып суретке түсіп, басын қатерге тіккен, жүргізушілердің жүйкесін жұқартқан 35 жастағы әйел жазаланды. «Хайп» үшін қауіпсіздікті елемей, заңды белден басқан бұрымдының жеке басын тәртіп сақшылары анықтады. Ол Ақтөбе облысының тұрғыны екен. «Фотомодельге» қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, оған айыппұл салынды.
Фотосессия үшін басын қатерге тікті
Семейде көпірдің жолында суретке түскен әйелге айыппұл салынды.
Бөлісу:
← Барлық жаңалықтар