Елімізде тағы бір қыз зорлық-зомбылықтың құрбаны болды. Абай облысында 20 жастағы бойжеткенді пышақтап өлтіріп кетті. Марқұмның денесін таңға жуық тауып алған Бородулиха ауылының тұрғыны бірден полицияға хабар беріпті. Бірден іске кіріскен тәртіп сақшылары көп ұзамай күдіктіні анықтап, қолға түсірген. Ол қызбен түйдей құрдас жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында күдікті мен марқұмның таныс болғаны анықталған. Екеуі жанжалдасып қалғаннан кейін қаскөй қызға оңды-солды пышақ ұрған көрінеді.
Бойжеткенді пышақтап өлтірді
Абай облысында 20 жастағы бойжеткенді өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды.
Бөлісу:
← Барлық жаңалықтар