Мазмұнға өту
· 33 қаралым

Полицейлер жаппай тексеріп жатыр

«Қауіпсіз жол» акциясының үш күнінде 22 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды.

Ішкі істер министрлігі жолдағы бақылауды күшейтуде. Осы күндері «Қауіпсіз жол» акциясы өтіп жатыр. Шара басталған небәрі үш күнде 22 мыңнан астам жол ережесінің бұзылғаны анықталыпты. Ең сорақысы, рөлге ішіп алып отырған 300 жүргізуші ұсталған. Ал 260 тізгінші міз бақпай жолдың қарсы бетіне шығып кетіпті. Бұдан бөлек, жолаушы мен жүк тасымалы ережесін бұзғандар да баршылық екен. Рейд кезінде бір жарым мыңнан астам көлік айып тұрағына қойылған.

АҚТОТЫ БОРАНОВА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Полиция барлық жол жүрісіне қатысушыларды жолда жүру қағидаларын қатаң сақтауға, қауіпті маневрлерге жол бермеуге және жолдағы қауіпсіздік әр адамның жауапкершілігіне байланысты екенін есте ұстауға шақырады.

← Барлық жаңалықтар