Мазмұнға өту
· 14 қаралым

Шетелде Қазақстан азаматын тапсырыспен өлтірткен кім?

Полиция Ыстамбұлда Қазақстан азаматын өлтіру тапсырыспен жасалғанын анықтады.

Анадолы жерінде Қазақстан азаматын ажал құштырған кім? Биыл 31 наурызда Ыстамбұл қаласында оққа ұшқан отандасымызға қатысты істің жай-жапсары белгілі болды. Тергеу барысында тегі Исмаилов деген жерлесімізге қастандықтың алдын ала ойластырылғаны әрі оның арнайы тапсырыспен өлтірілгені анықталды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қанды қылмыстың артында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері тұр екен. Ал орындаған басқа-басқа емес, АҚШ-тан келген атақты киллер екен. Оны Қазақстанның полициясы Грузия, Түркия және Әзербайжан елдерінде жүргізілген тергеу барысында әшкерелеген.

МАДЖИТ ИСМАИЛОВ, ЖӘБІРЛЕНУШІ ТАРАПТЫҢ ӨКІЛІ:

Бұл шұғыл әрекет еткен полицейлердің еңбегінің нәтижесі. Біздің еліміз шетелде жүрген азаматтарын да ешқашан қиын жағдайда қалдырмайтынын көрсетті. Сол үшін алдымен Мемлекет басшысына, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне алғыс білдіремін.

Айтпақшы, әлгі АҚШ-тағы жан алушының Алматы қаласындағы ауыр қылмыстарға да қатысы бар көрінеді. Полицейлердің дерегінше, жуырда мегаполисте адамды өлтіруге оқталған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің бірі қолға түскен. Бұл факті бойынша тергеп-тексеру аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданған. Тергеу мәліметінше, қаскөйлер диаспоралық топтардың жекелеген өкілдерінің бизнесіне ықпал еткісі келетінге ұқсайды.

← Барлық жаңалықтар