Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Банк бөлімшесінде петарда жарды

Алаяқтар адамдардың қалтасына ғана емес өміріне де қауіп төндіріп жатыр. Әккілердің айтқанын бұлжытпай орындаған ерлі зайыпты зейнеткерлер жарақат алды. Павлодарлық қарт кісілер қаскөйлердің нұсқауымен банк бөлімшесіне торт апарып, оның ішіне салынған петарданы жарып жіберген.

АЛМАЗ ТӨКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұрын салынған қаражатты қайтарып береміз деген сылтаумен психологиялық қысым көрсету әдістерін пайдаланып, зейнеткерлерді торт пен петарда сатып алуға көндірген. Алаяқтардың нұсқауына сенген зейнеткерлер торттың ішіне салынған петарданы жаққан.

Сәтін салғанда, екеуі де дін аман. Дәрігерлердің айтуынша, 75-тегі әйелдің қолы мен білегі жарақаттанып, беті, мойны және көзі күйген. Ал 78 жастағы ер адамды жеңіл күйік шалған. Медициналық көмектен соң екеуі де үйлеріне жіберілген. Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер іздестіріліп жатыр. Полицейлер бөтен адамдардың телефонмен берген нұсқауын орындамау керектігін ескертеді.

← Барлық жаңалықтар