Қарағандыда алимент төлемей қашып жүрген жігітті қара күшік ұстады.
Борышкерді қолға түсірген кәдімгі ит емес, миында жасанды зердесі бар робот ит болып шықты. Оны қарағандылық полицейлер алғаш рет Металлург күніне арналған мерекелік іс-шарада сынап көрді. Ол бір кештің өзінде 4 құқық бұзушылықты анықтаған. Онымен қоса 115 мың адамның ішінде жоғалып кеткен 87 баланы қысқа уақытта тауып алыпты. Облыстың тәртіп сақшылары мұндай инновациялық шешімдер қоғамдық тәртіпті қорғаудың тиімділігін арттырып қана қоймай, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа мүмкіндіктерін ашады дейді.