Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Жол апатынан 2 жасөспірім көз жұмды

Өскеменде кәмелетке толмаған жасөспірім рөлге отырып, жол апатына ұшырады. Салдарынан қасындағы екі жеткіншек көз жұмды. Полицияның дерегінше, тәжірибесі аз бозбала жылдамдықты шамадан тыс асырып, тізгінге ие бола алмай қалған. Сол екпінмен келіп жол бойындағы кедергілерге соғылып, аударылып қалыпты. Ал темір тұлпар бірден отқа оранған. Түрлі жарақат алған жүргізуші қазір ауруханада жатыр. Тәртіп сақшылары «жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыру» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

← Барлық жаңалықтар