Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Бишімбаевтің туысқан інісі Байжанов бостандыққа шықты

Қуандық Бишімбаевтың туысқан інісі Бақытжан Байжанов бостандыққа шықты. Бұл жайлы оның адвокаты Ғазиз Ынтықбаев хабарлады. Айта кетейік, Байжанов қатарынан екі рет жарияланған рақымшылыққа ілінді. Былтыр тамызда Ата Заңның 30 жылдығына орай қолданылған амнистия аясында оның өтелмеген мерзімінің үштен бірі қысқартылған-тұғын. Сөйтіп ол алдағы желтоқсан айында түрмеден шығуы тиіс еді. Дегенмен, сотталушы Жаңа Конституцияның қабылдануына орай жарияланған тағы бір рақымшылықтың шарапатын көрді.

ҒАЗИЗ ЫНТЫҚБАЕВ, АДВОКАТ:

Байжанов Бақытжанға қатысты рақымшылық актісін қолдану туралы соттың қаулысы шықты. Соттың қаулысы ол жазасын өтеп жатқан мекемеге түскеннен кейін, Бақытжан Байжанов дереу босатылуға жатады. Бұл қаулының шығу себебі – «Рақымшылық жасау туралы» заңның шеңберінде. Ол заң Жаңа Конституцияның қабылдануына орай 2026 жылғы 1 шілдеде қабылданған болатын.

Бүгін шешім шыққан кезде Байжановтың әлі өтелмеген 3 ай 18 күні қалған екен. Дегенмен, бостандықта ол қалағанынша емін-еркін жүре алмайды. Сот қаулысына сәйкес, әлі 6 жыл пробациялық бақылауда болады. Айта кетейік, Бақытжан Байжанов Қуандық Бишімбаевтың жұбайы болған марқұм Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты істе аса ауыр қылмысты жасырды деген айыппен 2024 жылғы мамыр айында 4 жылға сотталған еді. Ол жазасын Степногор қаласындағы қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеді.

← Барлық жаңалықтар