Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 10 қаралым

Егде жастағылар екі жыл сайын медициналық тексеруден өтеді

Ел ішінде тараған қауесеттен соң Ішкі істер министрлігі жүргізушілердің медициналық тексеруіне қатысты өзгерісті қайта түсіндірді. 65 жастан асқан және мүгедектігі бар жүргізушілерге тек әр екі жыл сайын медициналық тексеруден өтсе жеткілікті. Оның нәтижесі автоматты түрде жүйеге түседі. Сондықтан ешқандай қосымша анықтама жинамайсыз, табаныңыздан тозып мемлекеттік органдарға бармайсыз. Сондай-ақ жүргізуші куәлігін ұзарту үшін өтініш берудің немесе полицияға ескертудің қажеті жоқ. Айта кетейік, 2026 жылғы 25 тамыздан бастап күшіне енетін «Жол жүрісі туралы» заңда осындай талаптар көзделген.

ҚҰРАЛАЙ КАРИНА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жүргізушілердің медициналық тексеруден өту талабы жаңа талап емес. Бұл норма 2014 жылдан бері «Жол жүрісі туралы» заңда көрсетілген. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелері өзара біріктірілді. Соның арқасында міндетті медициналық тексеруден өткені туралы мәліметтер екі министрліктің жүйелері арасында автоматты түрде беріледі.

← Барлық жаңалықтар