Ішкі істер министрлігінің атынан ведомстволық оқу орындарына құжат тапсырған талапкерлерге «Сіз оқуға қабылдандыңыз!» деген жалған SMS хабарлама таратылып жатыр екен. Ал министрлік бұл ақпаратты теріске шығарып, қабылдау комиссиясы әлі қызметін жалғастырып жатқанын ескертті. Оның жұмысы аяқталған соң, оқуға түскен талапкерлердің тізімі «Qyzmetpolice» сайтында жарияланады және қосымша SMS арқылы жіберіледі. Құзырлы орган азаматтарды мұндай хабарламаларға сенбеуге, олардағы сілтемелерге өтпеуге шақырды.