Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 10 қаралым

Экологияны жақсартуға үлес қосайық!

Бұлақтар мен өзен-көлдердің жағалауы адам танымастай өзгеріп жатыр. «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында қазақстандықтар жұдырықтай жұмылып, айналаны жылан жалағандай тазартты. Бұл игі іске шамамен 20 мыңнан астам адам қатысыпты. Нәтижесінде республика бойынша 94 бұлақ пен 62 су нысанында абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындар да бұл бастаманы қолдап, ешкімнің үндеуінсіз өздері бірігіп қоқыстарды тазалап, көшеттер отырғызып жатыр.

НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ:

Мақсатымыз мынау: жалпы қоғамның ішінде табиғатқа, оның ішінде, әрине, су ресурстарын үнемдеу, ұтымды пайдалану мәселесіне назар аудару. Мемлекет басшысы өз сөзінде айтқан: біз су пайдалану барысында су үнемдеудің жаңа мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Сондықтан министрлік осы бағытта белсенді түрде жұмыстар жүргізіп жатыр.

← Барлық жаңалықтар