Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 18 қаралым

Мектептердегі алдағы оқу жылының кестесі бекітілді

Мектептерде сабақ 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады.

Білім министрлігі жаңа оқу жылына арналған оқу кестесін бекітті. Бірінші, екінші және төртінші тоқсандар сегіз аптадан тұрса, үшінші тоқсан он аптаға созылады. Балалар миларын бір тынықтырып алу үшін күзгі демалысқа 26 қазанда шығып, 2 қарашада қайта партаға отырады. Ал қысқы демалыстың мерзімі – 28 желтоқсан мен 10 қаңтар аралығы. Көктемде оқушылар наурыздың 22-сінен 28-іне дейін демалады. Ал бірінші сынып оқушылары ақпанның сегізінен он төртіне дейін қосымша тағы бір апталық каникул алады.

← Барлық жаңалықтар