Жаңа Конституцияға байланысты жарияланған рақымшылық аясында 1 344 адам жазасын өтеу орындарынан бостандыққа шықты.
Ішкі істер министрлігі сотқа 10 мыңнан астам ұсыныс жолданып, олардың мыңнан астамы қаралғанын айтады. Барлығы сараланып, соның арасында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 620 адам, пробация қызметінің есебінде тұрған 724 азамат босатылған. Сондай-ақ 730-дан астам сотталушының жаза мерзімі қысқартылыпты. Осы жерде жазасын өтеушінің рақымшылыққа ілігу-ілікпеуіне қатысты түпкілікті шешімді сот жеке қабылдайтынын ескерген жөн.
Ақбаян Сұлтанмұрат