Атышулы блогер Қайсар Хамзаның қолына кісен салынды. Желі жұлдызының Вьетнамдағы Камрань әуежайында түсірілген суреттері тарады. Журналист Козачковтың айтуынша, қаңтардан бері халықаралық іздеуде жүрген блогер елге қайтарылып жатқан көрінеді. Ал жанындағы мығым денелі жігіттерге қарағанда, оны Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері алып келе жатқанға ұқсайды. Айта кетейін, Қайсар Хамзаға Қазақстанда тыйым салынған онлайн-казиноны жарнамалады деген айып тағылған еді. Ал құмар ойын платформасы елімізде ресми лицензиясы бар «Pin-Up» букмекерлік кеңсесінің атын жамылып жұмыс істеген.