Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 28 қаралым

Анайы сөз үшін айыппұл арқалады

Желіде анайы сөз айтқаны үшін айыппұл арқалады.

Семейде 53 жастағы қала тұрғыны TikTok-та тікелей эфирде отырып, балағаттаған. Абай облысының полициясы оны тексеріп, құқық бұзушыны жедел анықтапты. Былапыт сөздері үшін сот әйелді әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл салды. Естеріңізге салайық, тәртіп сақшылары бұған дейін де бірнеше блогерді осындай жазаға тартқан болатын. Алдағы уақытта да әлеуметтік желіні жіті тексеріп, заң бұзғандарды жазалаймыз деп отыр.

← Барлық жаңалықтар