Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 23 қаралым

Нұрай Серікбай ісінде тың дерек

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот отырысы шарықтау шегіне жетті. Бүгін мемлекеттік айыптаушы судьядан күдікті Шерхан Аймаханды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Қос тараптың жарыссөзінде прокурор Мадияр Әбілқасымов әр бап бойынша айыпталушыға бөлек-бөлек жаза тағайындауды ұсынды. Сондай-ақ сот отырысында Алматы қалалық сот сараптамалары институтының бас сарапшы-психологы Күләш Қожамжарова мен психиатр Темірлан Сейтек заң өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Мамандар күдіктінің бұған дейін пышақ сұққан сәт есімде жоқ, «Аффект» жағдайында болдым деген тұжырымын жоққа шығарды. Ал сотталушының ештеңе білмейтіні мұндай шешімге негіз бола алмайды екен.

САРАПШЫ:

Негізінде аффект деген заңдарды анықтаған кезде… Негізі, аффект 3 фазадан тұрады. Сол 3 фазаның өзіне тән критерийлері болады, белгілері. Сол әр фазаға қатысты белгілері толық болмағандықтан, біз оны физиологиялық аффект жағдайында болмаған деген қорытындыға келдік. Эмоционалдық жағдайының динамикасы және мазмұны критерийлері белгілері анықталмады.

Ал сұрақ-жауаптың екінші бөлігі сарапшылар мен қорғаушылар арасында қызу жанжалға ұласты. Адвокаттар сараптама қорытындысындағы патологиялық қиялдау мен өтірік айтуға бейімділік деген сөздерді түсіндіріп беруді талап етті. Ал психолог Күләш Қожамжарова мұндай тұжырымдамалар психикалық бұзылыстар уақытында кездесуі мүмкін екенін айтты. Ал айыпталушы Шерхан Аймахан мамандардың қорытындысымен келіспейтіндігін мәлімдеді. Күдіктінің сөзінше, республикалық психиатриялық ауруханада оған қысым көрсетілген екен. Ал қорғаушы тарап судьядан жаңадан психо-психотриялық сараптама тағайындауды сұраған еді. Бірақ фемида өкілі бұл өтінішті қанағаттандырған жоқ.

← Барлық жаңалықтар