Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 6 қаралым

Теріс нөмірмен тұтылды

Сытылып кетем деп ойлап, тұтылды. Астанада полицейлер көлігінің нөмірін теріс таққан жүргізушіні ұстап алды. Шамасы, төңкеріп қойсам, ешкім мені көрмей қалады деп ойласа керек. Погондылар тәртіпсіз жүргізушіні тоқтатып, тіркеу нөмірін теріс тағып қою заңға қайшы екенін ескертіп, әкімшілік хаттама толтырды. Өзгелердің құлағына алтын сырға: жолдағы құқықбұзушылықты анықтау, оның жолын кесу жұмыстары әлі жалғасады. Сондықтан жол ережесіне мұқият болған жөн дейді полицейлер.

← Барлық жаңалықтар