Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 7 қаралым

Мұғалімдер мектеп ауласын тазартып жатыр

Оқу жылын ұл-қыздар мұнтаздай таза көшелер мен ауладан бастайтын болды. Ақтаулық мұғалімдер мен қызметкерлер мектеп айналасын қоқым-соқымнан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. №34 білім ордасының ұжымы бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, «Жаңа оқу жылына — таза мектеп» атты экологиялық акцияға түгел атсалысты. Мұндай сенбілік ол жандарға таңсық емес, қалыптасқан дәстүр. Оқушылардың жайлы әрі таза ортада білім алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.

РЫСЖАН КЕМЕЛХАНОВА, №34 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Іс-шараның басты мақсаты — жаңа оқу жылын таза әрі көрікті ортада қарсы алу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға қоғам мүшелерінің жауапкершілігін арттыру. «Таза Қазақстан» акциясы аясында мұндай жұмыстар табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға, туған жерге сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған.

ЕРСҰЛТАН СӘРСЕН, ФИЗИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Мектебіміз жаңа ашылғанына қарамастан, осындай сенбіліктер, абаттандыру жұмыстары жиі ұйымдастырылып отырады. Әрине, бұндай жұмыстардың негізгі мақсаты — оқушыларға және аудандағы тұрғындарға, қала тұрғындарына үлгі болу.

← Барлық жаңалықтар