Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 3 қаралым

Ұлдана ісі: жәбірленуші өтемақы талап етті

Астанада Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сотта тағы бір жәбірленуші жауап берді. Оқиға кезінде ауыр жараланған Гүлнар Қалиева сол күнгі жағдайды баяндады. Оның айтуынша, сіңілісі екеуі дүкенге кірмек болғанда үстеріне кірпіш құлап, жарақат алған. Бірнеше күннен кейін қолына ота жасалып, ауруханадан шыққан соң ұзақ уақыт төсекке таңылған. Жәбірленуші денсаулығына байланысты қиындықтарға тап болғанын айтып, тартқан зардабы үшін өтемақы талап етті. Айта кетейік, марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуан осы Гүлнар Қалиеваға медициналық көмек көрсетем деп келіп, жазым болған еді.

ГҮЛНАР ҚАЛИЕВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Қарап отырсам, біздің алған жарақатымызға кім жауапты? Неге біз бір жағында қалып қоюымыз керек? Жарақатымыз жеңіл-желпі жарақат емес. Моральдық, психологиялық, физикалық жарақат алып отырмыз. Біз де ескерусіз қалмауымыз керек. Біздің материалдық шығындарымызды кім өтейді?

← Барлық жаңалықтар