Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 17 қаралым

Алаяқтарға үкім шықты

Түйені түгімен жұтқандар бар-жоғы 8 жыл ғана жаза арқалады. Қонаев қаласында қазақстандықтарды қан қақсатқан қаржылық пирамида басшыларына үкім шықты. Алаяқтардың көсемі жұртты ақшаның астында қалдырамын деп сендіріп, 21 млрд теңгені қалтасына басқан. «Аманат Драйв» деп аталатын ұйымға жиған-тергенін құйған салымшылардың саны 8 мыңнан асып жығылады. Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің дерегінше, «жұмыртқадан жүн қырыққандар» азаматтарға жылжымайтын мүлік пен темір тұлпарды тиімді бағада алуға болатынын айтып, сендіріп баққан. Тергеу мәліметіне сүйенсек, алаяқтар қылмыстық жолмен алынған активтерді айналымға шығару үшін заңды тұлғалардың компанияларын пайдаланған. Жалған құжаттардың арқасында олар 1,8 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырып үлгеріпті. Ұйымдастырушылар бөтеннің табысы есебінен екі пәтер, үш люкс санаттағы көлік сатып алған.

← Барлық жаңалықтар