Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 13 қаралым

Тіс емханалары МӘМС ақшасын жымқырған

Алматы облысында бір емес, екі тіс емханасының құйтұрқы әрекеті әшкере болды. Ұйым басшылары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудан бөлінетін ақшаны өз мүддесі үшін қолданған. Олар қаражатқа қол салу үшін пациенттердің дербес деректері былай тұрсын, туа бітті денсаулығында кінәраты бар балалардың да мәліметтерін пайдаланыпты. Сөйтіп жалған қызмет көрсету арқылы заңсыз иемденген сома 65 млн теңгеден асып түскен. Бірақ заңды белден басқандар сотталып, мемлекетке келтірілген шығын толық өтелген.

← Барлық жаңалықтар