Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 23 қаралым

Шекара бұзғандар ұсталды

Ел шебі ұдайы бақылауда. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мамандарымен бірлесіп өткен айда қыруар жұмыс атқарыпты. Атап айтқанда, күштік құрылымдар тамызда шекараны бұзған 5,5 мыңнан астам адамды ұстады. Қолға түскендердің барлығы дерлік шетел азаматы. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің дерегінше, бақылау пункттерінде 2 мыңнан астам тауар мен жүктерді заңсыз өткізу әрекеттерінің жолы кесілді. Оның ішінде қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ел аумағына кіргізбек болғандар бар. Сондай-ақ, көрші елдердегі жағдайды пайдаланып, республикадан 159 тонна жанар-жағармай шығарумен айналысқандардың жұмысына да тосқауыл қойылды. Бұдан бөлек, Каспий теңізінің акваториясында аң-құс аулаған браконьерлер де ұсталды. Аталған деректердің барлығы құзырлы органдарға процессуалдық шешім шығаруға жолданған көрінеді.

← Барлық жаңалықтар