Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 17 қаралым

Ақтауда бекіре тасығандар ұсталды

Ақтауда балық аулайтындар бетімен кетіпті. 205 келі бекірені заңсыз тасыған күдіктілер құрықталды. 28 тамызда Криминалдық полиция қызметкерлері тәртіп сақшыларымен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. Сол кезде сезік тудырған машинаны тоқтатқан. Темір тұлпарды тінту барысында жүксалғыштан 50 дана бекіре табылған. Құқық қорғау қызметкерлері сегіз пакетке салынған сирек кездесетін балықты тәркілепті. Қазір күдікті деп танылған екі адам ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.

← Барлық жаңалықтар