Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 16 қаралым

Қордайда қоқыс жәшігінен нәресте табылды

Жамбылда тағы да жаға ұстарлық жағдай. Қордай ауданында қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды. Безбүйрек ана бауыр еті баласын Гвардейск гарнизоны аумағындағы қалдық контейнеріне тастап кеткен. Нәрестені жергілікті тұрғынның бірі қоқыс төгуге шыққанда байқап, құзырлы органдарға хабарлаған. Қазір полицейлер аталған жайт бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің денсаулығына айтарлықтай қауіп жоқ. Қыз бала аудандық ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Қазіргі уақытта күдікті әйел де ұсталыпты.

ГҮЛСАРА МҰХТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Жүргізілген жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында қысқа уақытта жаңа туған нәрестені қауіпті жағдайда қалдырған күдікті әйел анықталды. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді, кінәсін мойындады.

← Барлық жаңалықтар