Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 17 қаралым

Орынсыз әзіл опық жегізді

Әзілі ел-жұртты әуреге салды. Алматы әуежайында қарт жолаушы ұшақ ішіндегі сөмкені көріп, «бомба ма, қорғасын ба» деп қалжыңдаймын деп елді дүрліктірді. Оның бұл сөзінен кейін салон іші у-шу болып кеткен. Көлік полицейлері мен авиациялық қауіпсіздік қызметі бірлесіп, жедел тексеру жүргізді. Әйтеуір, ешқандай жарылғыш зат табылмаған. Ал бұл оқиға Алматы – Ақтау бағытындағы рейстің екі сағатқа кешігуіне себеп болды. Тәртіп бұзған қария ұшақтан түсіріліп, ұсақ бұзақылық бабы бойынша жауапқа тартылған. Полицейлер азаматтарды әуежай мен ұшақ ішінде мұндай жөнсіз әзілдерден аулақ болуға шақырады.

← Барлық жаңалықтар