Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 20 қаралым

Жасанды интеллект жан түршігерлік жол апатын түсіріп алды

Астана – Қарағанды тасжолында жан түршігерлік жол апаты болды. Трассадағы трагедия жасанды интеллект камерасына түсіп қалған. Ақылы жолда алаңсыз келе жатқан «Газель» көлігін жеңіл машина мінген жүргізуші басып озуға оқталыпты. Сол сәтте артынан соққан. Соққының қатты болғаны соншалық, тізгінші рөлге ие бола алмай жолдың жиегіне шығып кеткен. Көлігі үш мәрте аударылып, жүргізуші оқиға орнында тіл тартпай кетті. Қайғылы жағдай Астана – Қарағанды – Алматы тасжолының 51-шақырымында тіркеліпті. Көліктердің екеуі де бас қалаға қарай бағыт алыпты.

← Барлық жаңалықтар