Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 16 қаралым

Щучинсктегі жарылысқа қатысты сот үкімі шықты

12 адамның өмірін жалмаған Ақмола облысының Щучинск қаласындағы жарылысқа қатысты сот үкімі шықты. Оқиға бойынша кафені жалдаушы мен автогаз құю бекетінің директоры және газ баллонын жеткізген адам сотталды. Нысанды жалдаушы мен жанармай станциясының басшысына 7 жыл кесті. Ал көгілдір отын құйылған құтыны жеткізген кісі 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ жәбірленушілерге 1 миллионнан 4 млн теңгеге дейін өтемақы төленеді. Айта кетейік, биыл ақпан айында Щучинск қаласында кафеде алапат жарылыс болып, тамақтануға барған 12 адам көз жұмған еді. Тағы 11 адам жарақат алған. Тексеріс барысында мекемеде өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмағаны, осында жеткізілген газ құралының жанармай құю бекетінде дұрыс толтырылмағаны және жеткізушінің баллондарды жеткізу құқығы болмағаны анықталған.

← Барлық жаңалықтар