Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 6 қаралым

Заңсыз онлайн-казино схемасы әшкереленді

Алматыда заңсыз интернет-казинолардың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп жүрген топ әшкереленді. Күдіктілер олардың төлем жүйесін реттеп, ойыншылардан ақша алуды онлайн-платформа арқылы жолға қойып берген. Бұл жайында Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Құрықталғандардың бірі шетел азаматы екен. Кейбір азаматтарды дроппер болуға үгіттеп, 200 доллардай сыйақы төлеген. Осылайша 16 адамға ашылған есепшотқа онлайн-казинодан 110 миллион теңге ақша түскен.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Күдіктілердің бірі қамауға алынды, тағы үшеуіне ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс сотқа жолданды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

← Барлық жаңалықтар