Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ

Қауіпті су қоймалары қай өңірде?

Еліміздегі су қоймаларының үштен бірі күрделі жөндеуді қажет етеді. Су ресурстары және ирригация министрлігі гидротехникалық нысандардың қазіргі жағдайы туралы мәлімет берді. Қазақстанда 1200-ден астам осындай нысан бар. Соның 495-і тозған. Ең көп тозған нысан Қарағанды облысында — 179. Шығыс Қазақстан облысында — 57, Ақмола облысында — 45 су қоймасы жөндеуді қажет етеді. Министрлік мәліметінше, бұл нысандардың барлығы бірдей апатты жағдайда емес және халыққа тікелей қауіп төндіріп тұрған жоқ. Ал олардың нақты жағдайы арнайы тексерістен кейін белгілі болады.

← Барлық жаңалықтар