Мазмұнға өту
· 105 қаралым

Еліміздегі әрбір бесінші бала семіздікке шалдыққан

Еліміздегі әрбір бесінші бала семіздікке шалдыққан. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, әсіресе 6 және 9 жас аралығындағы жасөспірімнің 23 пайызында артық салмақ бар. Мұның басты себебі дұрыс тамақтанбау және физикалық белсенділіктің бәсеңдігі дейді мамандар.

Осыған байланысты жауапты ведомство құрамында тұзы, қанты және зиянды майлары көп тағамдардың жарнамасын шектеуді ұсынып отыр. Қазір осы бағытқа арналған тиісті жұмыстар қолға алынып жатыр.

Жуырда ұстаздардың тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Үкіметке фастфудтың агрессивті жарнамасына қатысты проблеманы мұқият зерделеуді тапсырған еді. Бұл өте күрделі мәселе. Тез әрі оңай дайындалатын астың денсаулыққа зиян екені белгілі. Сол себепті де көптеген ел мұндайға қатаң шектеу қойып жатыр деген болатын Президент.

← Барлық жаңалықтар