Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 4 просмотра

Еліміздегі әрбір бесінші бала семіздікке шалдыққан

Қазақстанда әрбір бесінші бала семіздікке шалдыққан. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, әсіресе 6-9 жас аралығындағы балалар арасында артық салмақ мәселесі жиі кездеседі. Бұл жастағы балалардың 23 пайызында артық салмақ бар. Мамандар мұның басты себебі дұрыс тамақтанбау, фастфудты көп тұтыну және физикалық белсенділіктің төмендігі екенін айтады. Министрлік құрамында тұз, қант және зиянды май мөлшері көп тағамдардың жарнамасын шектеуді ұсынып отыр. Қазір осы бағытта жұмыс жүріп жатыр.

← Все новости