Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 20 қаралым

Астана қысқа дайын ба?

Астанада биыл «Телман» газ жылу станциясын іске қосу жоспарланып отыр.

Қазір қаланы жылумен үш бірдей жылу электр орталығы, «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциялары қамтамасыз етеді. Бүгінде нысандарды қысқы маусымға дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Үшінші жылу электр орталығының көмірмен жұмыс істейтін бөлігі салынып, екіншісінде жаңа қазандықтар орнатылуда. Қала әкімдігінің мәліметінше, қазіргі жылу қуаты елорданың қажеттілігін толық қамтамасыз етуге жеткілікті.

Дайындық жұмыстары аяқталуға жақын.

Ақбөпе Тәңірберген

← Барлық жаңалықтар