Мазмұнға өту
· 24 қаралым

Прокурорлар жер қазып, көшет отырғызды

Қостанай облысының прокуратура қызметкерлері жер қазып, көшет екті.

Формаларын жұмыс киіміне ауыстырып, қолдарына күрек ұстаған заң өкілдері «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы акцияға атсалысты. Триатлон паркінде жүзге жуық алма мен өрік ағашының көшеті отырғызылды. Шараға қадағалаушы орган қызметкерлерінен бөлек, студенттер мен еріктілер де қатысты.

Бағдат Есикеев, Қостанай облысы прокурорының аға көмекшісінің міндетін уақытша атқарушы:

Бүгін отырғызған көшеттеріміз ертең тамыры тереңге жайылған толыққанды ағашқа айналып, жеміс береді деп үміттенеміз. Қала тұрғындары мен қонақтары осы бақтың алмасы мен жеміс-жидегінің игілігін көреді. Бұл шараға жастардың да қатысып жатқаны қуантады. Осы дәстүр жыл сайын жалғасын тапса екен дейміз.

Аяжан Қожатай

← Барлық жаңалықтар