Мазмұнға өту
· 23 қаралым

37 жылдан кейін Шу вокзалы жаңарды

Шу қаласының теміржол торабы 37 жылдан кейін алғаш рет жаңа кейіпке енді.

Ауқымды жоба Президенттің тапсырмасымен жүзеге асып, күрделі жөндеуден өткен вокзал қайта ашылды. Әулиеата өңіріндегі тарихи нысанның іші-сырты заманауи талаптарға сай жаңғыртылып, жолаушыны күту залдары адам танымастай өзгерді. Инженерлік желілер қайта жасақталып, вокзал аумағы да абаттандырылды. Енді тоғыз жолдың торабындағы нысан жолаушыларға жайлы жағдай жасап, сапалы қызмет ұсынбақ.

Манат Сатова, Шу ауданының тұрғыны:

Біз, қала тұрғындары, өте қуаныштымыз. Бұрынғы уақытта біздің вокзалымыз өте ескі болатын. Күрделі жөндеуден өтіп, әдемі вокзалдың ішінде болғанымызға қуаныштымыз.

Вокзалды жаңартуға 6 млрд теңгеден аса қаржы жұмсалған. Ал теміржол торабының аумағын абаттандыруға 524 млн теңге жұмсалыпты.

Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі:

Бұл тек бір аудан үшін ғана емес, жалпы Жамбыл облысының көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған өте маңызды жоба. Бүгін құны 6 млрд теңгеден асатын Шу теміржол вокзалы жаңарған келбетінде халық игілігіне беріліп отыр.

← Барлық жаңалықтар