Жүннен тек текемет пен жылы шұлық тоқып жүрсек, астаналық ұстаз Қазақстанның картасын жасап, жұртты таң қалдырды.
Оқушылармен бірге елдің картасын тоқыған Ләззат Атыбай ұзындығы 7, ені 4 метр болатын туындыны 5 қазанға дейін аяқтауды жоспарлап отыр екен. Жобаның негізгі мақсаты — ұлттық қолөнерді сақтау, оны жас ұрпаққа насихаттау және қазақ халқының дәстүрлі өнерін заманауи шығармашылық тәсілдер арқылы кеңінен таныту. Айта кетейік, 29 қазанда тоқыма туынды GLOBAL BEST OF RECORDS ұйымына әлемдік рекорд ретінде ұсынылған екен.
Ләззат Атыбай, Ұстаз:
Өнер саласында көркем еңбек пәні мұғалімі болғандықтан, тек қана көркем еңбек пәнінің мұғалімі емес, еліміздің, Қазақстанның ата-бабаларымыз бізге мұра қылып тастаған қолөнерін әлемдік деңгейге жеткізу — мақсатым.