Мазмұнға өту
· 25 қаралым

Түркияда қазақстандық қыз мерт болды

Анадолы елінде қазақстандық ару оқыс жағдайда мерт болды.

Қайғылы оқиға Ыстанбұлдың Шишли ауданындағы Эргенекон орамында болған. 26 жастағы отандасымыздың қазасын еліміздің Сыртқы істер министрлігі растады.

Түрік басылымдарының ақпаратынша, бойжеткен алтыншы қабаттағы балконнан көрші ғимараттың шатырына өтпек болған. Алайда төбедегі ойықтың үстіне орнатылған қалқан қыздың салмағын көтермей, ол төменге құлаған деген болжам бар.

ҚР Сыртқы істер министрлігі: «Дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыста, оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Түркияның құзыретті органдары тергеу жүргізіп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда».

Түркия бұқаралық ақпарат құралдарының тағы бір дерегінше, осы қайғылы оқиғадан соң екі адам ұсталған. Оның бірі — марқұммен осы күзде Түркияға бірге барған құрбысы, екіншісі — сүйіктісі көрінеді. Алайда оларға қандай айып тағылғаны әзірге белгісіз.

Бердібек Қарынбай

← Барлық жаңалықтар