Алматыда тауда адасқан үш бойжеткен құтқарылды. Қызық қуып биікке шыққандар қайта төмен түсе алмай қалған. Қас қарайғанда сонда қалып қоюдан қорыққан олар шанұшырып құтқарушылардан көмек сұраған.
Пик Букреевтен екі қыз жоғалып кеткен. Мына сайдан төменнен.
Сөйтсе, қыздар Талғар ауданындағы теңіз деңгейінен 3 мың метр биіктегі Букреев шыңына көтерілген екен. Мамандар жедел байланыс орнатып, олардың қай жерде тұрғандарын анықтаған. Құтқару тобы бәрін аман-есен тауып, Бесағаш кентіне баратын автожолға дейін алып түскен. Бұрымдылардың бірі саусағынан жеңіл жарақат алыпты. Оларға медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін үйлеріне қайтты. Айта кетейін, жыл басынан бері елімізде құтқарушылар 70 мыңнан астам шақыртуға шығып, 8 мыңдай азаматты аман алып қалған. Тағы 9 мыңға жуық адам қауіпті аймақтардан эвакуацияланып, 3 мыңға жуық зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетілді.