Мазмұнға өту
· 11 қаралым

8 млн теңгеден біржолғы көмек берілді

Елімізде ақ халатты абзал жандардың қатары артып келеді. Үкіметтің хабарлауынша, бүгінде кадр тапшылығы 2023 жылға қарағанда 20 пайызға төмендеген. Статистикаға көз жүгіртсек, қазір денсаулық саласында 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етіп жүр. Оның 84 мыңға жуығы – дәрігер. Соңғы жылдары жас мамандарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау да күшейтілген. Мәселен, өткен жылы мұндай көмек 1760 қызметкерге көрсетіліпті. Сондай-ақ баспаналы болған дәрігерлердің саны 3 есеге артқан. Бұдан бөлек, ауылдық жерлерде жұмыс істейтін 529 маманға 8 миллион теңгеден біржолғы төлем берілген.

← Барлық жаңалықтар